Биылғы жылдың 6 сәуір күні Евразия спорт кешенінде Ақсуат ауылдық округі жастары мен қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі ұйымдастыруымен «Дос- тұтқанды қадірле» атты шағын футболдан еске алу турнирі өтті.
Турнирге Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және т.б. қалаларынан келген 18 команда күш сынасты.
Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер және үздік ойын көрсеткен номинация иегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар, медальдар мен кубоктар табысталды.
Қалалық мәслихат депутаты Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы аталған шараға қатысып, өз жылы лебізін білдірді.