ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ АУЫЗАШАР БЕРДІ
Рамазан айы - айлардың сұлтаны, ең қайырлысы және сабырлық айы. Сондықтан әлемнің барша мұсылмандары бұл айға ерекше құрметпен қарап, ауыз бекітіп, пітір-садақаларын таратып, игі амалдарды еселеуге асығады.
Әркез халқымыз ата-баба салтына сай дархан көңілдерін, ризашылық ниеттерін дастарқан жаю арқылы жеткізетіні белгілі.
Қасиетті Рамазан айында қалалық мәслихат депутаттары да осындай сауапты істерді қолдап, 2025 жылғы 27 наурыз күні ауызашар дастарханын жайды.
Бұл дәстүрлі дастарханға ел ағалары, депутаттардың сайлау округтері бойынша қала тұрғындары, ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, қалалық мәслихаттың бұрынғы сайланған депутаттары мен төрағалары, «Аманат» партиясы мүшелері және елдің дамуы үшін әр салада еңбек етіп жүрген жандар қатысты.
Рамазан айындағы барша ағайынның ниеттері қабыл болып, елімізде тыныштық, әр отбасында бақ-береке орнасын!