ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МӘҢГІ ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МӘҢГІ ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС
ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МӘҢГІ ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС
31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алу күні.
Бүгін қаламызда өткен «Тарих. Тағдыр. Тағзым...» атты еске алу шарасына барша қызылордалықтармен бірге, қалалық мәслихат депутаттары да қатысты.
Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қала әкімі Асылбек Шаменов, зиялы қауым өкілдері қатысты. Еске алу шарасына қатысушылар қуғын-сүргінге ұшырағандарды үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Тарихи ақпараттар бойынша, өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басында 3 млн-ға жуық қазақстандық жаппай ашаршылықтың құрбаны болған, 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астам адам жазықсыз атылған деген деректер бар.
Бүгінгі таңда тарихтың ақтаңдақ беттерін ұмытпау, Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қандай құрбандықтың болғанын және оларды ұлықтау маңызды болып қала бермек.