Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!
Ардақты ер-азаматтар!
Сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен құттықтаймын!
Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Оқ пен оттың ортасынан аман келген азаматтарымыздың қатары жылдан-жылға азайып барады. Ұлы Жеңіске жеткізген ата-бабаларымыздың, апаларымыздың қан майдандағы өшпес ерліктері мен тылдағы ерен еңбектері ешқашан ұмытылмайды.
Екі мерекенің қатар келуінің символдық мәні бар. Бұл Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаздар мен Отан қорғаушыларымыздың бүгінгі буынының әскери дәстүрлерінің сабақтастығын білдіреді.
Еліміздің ұлан - байтақ жерін қорғауда, халқымыздың ерлікке толы шежіресін бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп, оларды Отанға адал қызмет етуге шақыру, өз елін, жерін сүюге баулуда Отан қорғаушылар күні мерекесінің маңызы зор.
Сіздерді мамыр айының басында келетін осы мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Әрбір шаңыраққа шаттық, амандық және бақ-береке тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын!
Ізгі ниетпен,
қалалық мәслихат
төрағасы Ибадулла Құттықожаев