Қызылорда қалалық мәслихатының VIII шақырылымы
өз жұмысын бастады
2023 жылдың 30 наурызы күні Қызылорда қалалық мәслихатының 1 сессиясы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, бірінші сессия отырысын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев жүргізді.
Ғалым Қонақбайұлы сайлау қорытындысы туралы ақпарат беріп, қалалық мәслихат депутаттарына депутаттық куәлік пен төсбелгі тапсырды.
Сессия барысында депутаттардың ашық дауыс беру тәртібімен сегізінші шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы болып, депутат Ибадулла Құттықожаев сайланды.
Сонымен бірге, сессия барысында қалалық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың құрамы мен төрағалары белгіленді.
Ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағалығына депутат Мақсат Жүсіп сайланды.
Сессия барысында «Қызылорда қалалық мәслихатында «Amanat» партиясының жетекшісі депутат Мақашов Талғат Бақытбекұлы және «Ақжол» партиясының жетекшісі Байсейтов Ғибрат Мұратұлы депутаттық фракциялары тіркелді.
Сессия барысында қала әкімі Асылбек Шаменов, депутаттардың жұмыстарына сәттілік тілеп, қаланы дамыту жоспарларымен, қаладағы құрылыс саласы және басқа да бағыттар бойынша ауқымды жұмыстармен таныстырды.
Айта кетерлігі, 2023 жылдың 19 наурызында өткен сайлау нәтижесімен, Қызылорда қаласындағы 23 сайлау округінен бір мандатты (можоритарлық сайлау тәртібі бойынша) Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына 23 депутат сайланды.
Сегізінші шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының орта жасы – 48,4 жас болса, ең жас депутат – 34 жаста. 23 депутаттың 17–сі ер адам немесе 73,9 %, 6-ы әйел яғни 26,1 пайызы. Барлық депутаттың 3-еуі жастар (барлық депутаттардың 13,0 %).
Депутаттардың ұлттық құрамы 100 % қазақ, «Amanat» партиясынан – 19 (74 %), Ақжол партиясынан – 3, Ауыл партиясынан – 1 депутат қызмет атқаратын болады.
Қызылорда қалалық мәслихаты