2026 жылдың 7-11 қыркүйек аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары М.Әбдіқалықов, М.Бисенова, Ә.Әбләзім және А.Мұсабаева қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.
- Қайта жаңғыртудан өткен Сағымбаев көшесіне қоғамдық көлікке арналған аялдамалар орнату;
- Мемлекеттен алған жалдамалы тұрғын үй мәселесі;
- Тұран көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату;
- Абай даңғылы №№ 53, 55, 57, 59 үйлердің аулаларын кешенді абаттандыру және аулаішілік жолдардың жағдайы, автотұрақ орындарының жеткіліксіздігі, жарықтандырудың нашарлығы және қасбеттердің тозуы;
- «Бәйтерек-1» тұрғын ауданы, №31 көшесіне жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Ғ.Мұратбаев №15а көпқабатты тұрғын үй аумағындағы балалар ойын алаңдарына кешкі жарық шамдарын, бейне бақылау орнату және қоқыс жәшіктеріне арналған арнайы орынның қоршауын жөндеу мәселесі.
Депутаттар қабылдау барысындағы көтерілген мәселелердің шешілу бағытында өз тараптарынан жұмыс жасалатындығын жеткізді.