2026 жылдың 10-14 тамыз аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары А.Төлегенова, Р.Ысқақова, Б.Төлеген, Ә.Әбләзім және Н.Тұрғанбаев қабылдауларын өткізді.

   Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.
   - Базарбаев көшесін кешкі жарықтандыру және жаяу жүргінші жолын салу;
   - Сол жағалауда орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерінің өртеніп кетуіне байланысты қайта қалпына келтіруге көмек беру;
   - «Шұғыла» мөлтек ауданы, Әлімқұлов және Аққайың көшелеріне кешкі жарықтандыру жүйесін жүргізу;
   - С.Сейфуллин тұйығына жол жөндеу жұмыстарын жүргізу және кешкі жарық шамдарын орнату;
   - «Бәйтерек -1» тұрғын ауданындағы, Құдабаев көшесін асфальттау;
   - Мектепке жол акциясына орай көп балалы отбасына оқу құралдарын алуға қаржылау көмек беру мәселесі.
   Депутаттар қабылдау барысындағы көтерілген мәселелердің шешілу бағытында өз тараптарынан жұмыс жасалатындығын жеткізді.