2026 жылдың 1 шілдесі күні қалалық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспардан тыс отырысы өтті.
Отырысқа комиссия төрағасы М.Әбдіқалықов төрағалық етті.
Комиссия отырысына қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев, қала әкімінің орынбасары А.Нұрмағанбетов, тиісті облыстық басқарма, департаменттердің орынбасарлары, қалалық дербес бөлімдер мен тиісті мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне:
1. «Қызылорда қаласының коммуналдық меншігіндегі мүліктерді сауда-саттыққа шығару мәселесі туралы»;
2. «Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге жүргізілген мониторинг туралы» шығарылып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Б.Бидаш хабарламаларын жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге сәйкес коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану мәселесі қаралып, қазіргі таңда пайдаланылмай тұрған бұрынғы Ардагерлер үйі ғимаратын және «Қызылорда тазалығы» МКК теңгеріміндегі тозығы жеткен арнайы техникалар мен автокөліктерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес аукцион арқылы сауда-саттыққа шығару мәселесі талқыланды. Бұл қадам коммуналдық мүлікті тиімді басқаруға, оны күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды азайтуға және жергілікті бюджет кірісін ұлғайтуға бағытталған.
Келесі мәселе бойынша тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және ауыз су сапасына жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері баяндалды. Аталған өзекті мәселе депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, су сапасын тұрақты бақылау, залалсыздандыру, инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында нақты шаралар қабылдау, халықты уақытылы ақпараттандыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.
Комиссия отырысында берілген ұсыныстар тұрақты комиссия қаулысына енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Комиссия жұмысы «Youtube» (ютуб) арнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.