Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 54-ші сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 54-ші сессиясы өтті
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
    Бүгін, 26 маусым күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс 54 сессиясы өтті. Сессияға қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы И.Басықараев төрағалық етті.
   Сессияның күн тәртібіне:
   1. «Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №215-30/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
   2. «Қызылорда қаласының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №112-13/1 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
   3.Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау жөніндегі ұсыныстарды енгізу туралы мәселелері шығарылып талқыланды.
   Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша қалалық мәслихат аппаратының заңгері М.Мұхтаров хабарлама жасап, Қызылорда қалалық аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына Заңға сәйкес енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме берді.
   Күн тәртібіне шығарылған келесі мәселе бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
   А. Қайруллаев хабарлама жасады.
   ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Ғ. Балаеваның 2026 жылға арналған мерейтойлық даталарға қатысты Мемлекет басшысына жазған ұсыныс хатында Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына және Шөмішбай Сариевтің туғанына 85 жыл толуына орай өнер иелерінің есімдерін көшеге беру ұсынылған. Осыған орай, депутаттар тарапынан Қызылорда қаласы Сырдария шағын ауданында орналасқан Н.Назарбаев және Тәуелсіздік даңғылдарын байланыстыратын атаусыз көшесі – «Кеңес Дүйсекеев» есімімен және Қызылорда қаласы Бейбарыс Сұлтан көшесінен Тасбөгет кентіндегі су торабына дейінгі Сырдария өзеніне параллель жатқан атаусыз көшені – «Шөмішбай Сариев» есімімен атау туралы ұсыныстар қолдау тапты.
   Сессия қарауына шығарылған мәселелерді қарау барысында депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда: депутат А. Мұсабаева «Арай-Шұғыла» тұрғын ауданындағы, депутат    Р.Ізтілеуов: «Саяхат» тұрғын ауданындағы атаусыз көшелерге атау беру туралы, депутат А.Төлегенова: көшелерге атау берілгеннен кейін, сол көшеге есімі берілген тұлға туралы мәліметі бар, кюар код қойылған тақтайша ілу туралы ұсыныстарын жеткізді.
   Сессия отырысына қалалық сайлау комиссиясының төрағасы, қала әкімдігінің тиісті бөлім басшысы мен мамандары қатысты.
   Сессия қарауына шығарылған барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
   Сессия жұмысы «Youtube» (ютуб) арнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді