Депутат тұрғындармен кездесті

Депутат тұрғындармен кездесті
   Қалалық мәслихат депутаты Т. Мақаш «Қарауылтөбе» ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
   Кездесуге келген тұрғындар тарапынан С. Байсейітов көшесіне қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
   Бірінші, жол жабындысының ауыр жүк көліктерінің жиі жүруі салдарынан сапасы нашарлап, нәтижесінде жол бойында ойық-шұңқырлар пайда болып, тұрғындардың қатынауына қолайсыздық туындаған.
   Сонымен қатар, көше бойында салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылғанына қарамастан, талаптардың сақталмау жағдайлары орын алуына байланысты жол қозғалысын бақылауды күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бейне бақылау камераларын орнату қажеттігін жеткізді.
   Екінші, көше бойында орналасқан балалар ойын алаңының техникалық жай-күйі мен сапасына қатысты ұсыныс-пікірлер айтылып, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы демалысын қамтамасыз ету үшін қосымша ойын құрылғыларын орнату ұсынылды.
   Үшінші, көше бойындағы тұрғындардың шошқа және жылқы малдарын асырауына байланысты жағымсыз иістің таралуы тұрғындарға қолайсыз жағдайдың туындап отырғандығын көтерді.
   Депутат тарапынан кездесу барысындағы мәселелердің шешілу бағытында өз тарапынан тиісті жұмыс жасалатындығын жеткізді.