
Қазақстанда 1 маусым балалар мерекесіне орай дәстүрлі түрде іс-шаралар ұйымдастырылып, балаларға көңіл күй сыйлайды.
«Жерде бала қуанса, көктегі мың періште шаттанады» деп қазақ тегін айтпаған. Баланы күнәсіз періштеге балаған ұлтымыз балаларға ерекше көңіл бөліп, қуаныш сыйлауға асығады.
Бүгін, қалалық мәслихат депутаты М.Есжанов өз сайлау округіндегі бүлдіршіндермен кездесіп, мерекелерімен құттықтап сый-сияпат жасады.