Депутаттар тұрғындарды қабылдады

Депутаттар тұрғындарды қабылдады
   25-29 мамыр аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Н. Тұрғанбаев, Б. Сыздықов, Р. Ізтілеуов, Б. Еркебаев, Ж. Жарасбаев және Е. Нұртазаев қабылдауларын өткізді.
   Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және тағы басқа мәселелер көтерілді.
   - «Титов» тұрғын ауданы, Желкілдек батыр көшесіне жол жөндеу және кешкі жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;
   - Жеке тұрғын үйінің өртенуіне байланысты жаңа баспана салуға құрылыс материалдарымен қолдау көрсету;
   - Жер мәселесі;
   - О. Тойымбетов көшесіне жаяу жүргінші жолын салу және кешкі жарық шамдарын орнату;
   - «Мерей» мөлтек ауданы, №20 көпқабатты тұрғын үй ауласындағы балалар ойын алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу және қоқыс жәшіктеріне арналған заманауи үлгідегі қоршау орнату;
   - Шанхай тұрғын ауданы, Тұрлығұлов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу.
Депутаттар қабылдау барысындағы мәселелердің шешілу бағытында өз тараптарынан жұмыс жасалатындығын жеткізді.