
Апта көлемінде азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары М.Бисенова және Ә.Әбләзім қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және тағы басқа мәселелер көтерілді.
- Абай көшесі, №6 көпқабатты тұрғын үй шатырының техникалық жағдайын қайта тексеріп, тұрғын үйді қайта жаңғырту бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Науқас баласының емделуіне байланысты жолдама алу мәселесі көтерілді.
Депутаттар қабылдау барысындағы мәселелердің шешілу бағытында өз тараптарынан жұмыс жасалатындығын жеткізді.