Депутаттар тұрғындарды қабылдады

Депутаттар тұрғындарды қабылдады
   Апта көлемінде азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары М.Есжанов, Р.Ізтілеуов, М.Әбдіқалықов және И.Басықараев қабылдауларын өткізді.
   Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және тағы басқа мәселелер көтерілді.
   - Талсуат ауылдық округі, Құнанбаев көшесіне аяқ су мәселесі;
   - «Саяхат» тұрғын ауданы, Қайруллаев көшесі бойымен қоғамдық көлік жүргізу;
   - Қ.Ажаров көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату;
   - «Арай» мөлтек ауданы, №5 көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату туралы.
   Депутаттар қабылдау барысындағы мәселелердің шешілу бағытында өз тараптарынан жұмыс жасалатындығын жеткізді.