2026 жылдың 27 - 30 сәуір аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Ғ.Байсеитов, Е.Нұртазаев және Б.Еркебаев қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді:
- «Шанхай» тұрғын ауданы аумағында (Ә.Молдағұлова көшесі) қаңғыбас иттердің көбеюі мәселесі;
- Қазыбек би №20 және Тоқмағанбетов № 2 көпқабатты тұрғын үйлердің арасындағы өтпелі жолды (проход) жабу немесе тосқауыл (шлакбаум) қою;
- Әлеуметтік көмек көрсету.
Депутаттар қабылдау барысындағы мәселелердің шешілу бағытында өз тараптарынан жұмыс жасалатындығын жеткізді.