Бүгін, 29 сәуір күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы өтті. Сессияға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті. Сессияның күн тәртібінде «Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63-8/5 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» мәселесі қаралып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы К.Құрақбаева хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 08.09.2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке әлеуметтік төлемдердің мөлшерін біріздендіру бойынша берген тапсырмасы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен мәслихаттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырып отырған барлық әлеуметтік төлемдерге ревизия жүргізілген.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 16 әлеуметтік көмек түрі төленуде. Осы төлемдерді біріздендіру жөнінде «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республкиасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республкиасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Осы ретте, «Қызылорда қаласының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №63-8/5 шешiмiне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сессия соңында сөз алған қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев әлеуметтік төлемдерді біріздендіруге және енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты оң пікірін білдірді.
Сессия қарауына шығарылған мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданды.
Сессия жұмысы «Youtube» (ютуб) арнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.