Депутаттар тұрғындарды қабылдады

Депутаттар тұрғындарды қабылдады

  2026 жылдың 6 - 10 сәуір аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары М.Есжанов, А.Төлегенова, Н.Тұрғанбаев, Р.Ізтілеуов және Е.Базарбай қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына және тағы басқа мәселелер көтерілді.
   - Қараөзек елді мекеніндегі А.Құнанбаев және Қараөзек бекеті - 4 көшесіне жол жөндеу жұмыстары мен Е.Дәуітбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу;
   - Мемлекет тарапынан берілетін уақытша баспана алу;
   - Титов тұрғын ауданы Сығанақ-12 көшесіндегі көп жылдық талдарды кесу;
   - Саяхат-19 көшесіне жол жөндеу жұмыстарын жүргізу ;
   - Ә.Дәуітбаев көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату жұмыстары.
   Депутаттар қабылдау барысындағы мәселелердің шешілуіне өз тараптарынан жұмыс жасалатындығы жеткізілді.