2026 жылдың 30 наурыз - 3 сәуір аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Р.Ысқақова, Б.Еркебаев, Б.Сыздықов, Ә.Мампаев және И.Басықараев қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына және тағы басқа мәселелер көтерілді.
- «Қызылорда тазалығы» мекемесі арқылы шығарылатын тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару төлеміне қатысты;
- Ота жасатуға баруына байланысты қаржылай көмек;
- Хон Бом До көшесіндегі (бұрынғы таксопарк маңы) темір жол өткелін төрт жолақты етіп кеңейтіп, айналма жол ұйымдастыру;
- Мемлекеттік бағдармалар арқылы жеңілдікпен баспана алу;
- Бегім ана көшесі №6 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетіне, шатырына, қоршауына жөндеу жұмыстарын жүргізу және ауласына спорт ойын алаңын орнату мәселелері.
Депутаттар қабылдау барысындағы мәселелердің шешілуіне өз тараптарынан жұмыс жасалатындығы жеткізілді.