Депутаттар тұрғындарды қабылдады

Депутаттар тұрғындарды қабылдады
   2026 жылдың 26-27 наурыз аралығында азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары А. Төлегенова, Т.Мақаш және Е.Нұртазаев қабылдауларын өткізді.
   Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына және тағы басқа мәселелер көтерілді:
   - Абай даңғылы №44-46 көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы көлік кептелістерінің жиі орын алуына байланысты тұрғындарға қиыншылықтар туындауына орай, тиісті жол белгілерін орнату және аулаішілік жолдарға жаяу жүргіншілер жолын салу;
   - Қосшыңырау ауылдық округіндегі №138 орта мектепке күрделі жұмыстарын жүргізу, фельдшерлік-акушерлік пункт, әкімдік және клуб ғимараттарын газға қосу;
   - Т.Әубакіров көшесіне (Назарбаев даңғылы мен Желтоқсан көшесі аралығы) қоғамдық көлікке арналған аялдама белгілерін орнату туралы.
   Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасалатындығы жеткізілді.