2026 жылдың 16-20 наурыз аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары И.Басықараев, М.Әбдіқалықов, Ж.Жарасбаев, Р.Ысқақова және Ә.Әбіләзім қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
- Қаланың сол жағалауындағы №28 көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің кіре берісіне мүгедектерге арналған пандус орнату;
- Тасбөгет кентіндегі бұрынғы орталық мәдени паркіне көркейту-көгалдандару жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың демалыс орнына айналдыру;
- П.Чайковский көшесі бойында орналасқан № 8 көпқабатты тұрғын үйге жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары барысындағы кемшіліктерді қалпына келтіру;
- «Сыр ана» магистралды каналы арқылы Алмалы, Бәйшешек көшелерін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында су реттегіш қондырғысын орнату;
- «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы № 10 көшеге күрделі жол жөндеу жұмыстары туралы.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасайтындығы жеткізілді.