Рамазан айы – мейірім мен қайырымдылықтың, сабыр мен ізгіліктің айы екені белгілі. Бұл қасиетті кезеңде жасалған әрбір игі іс пен құрметтің мәні арта түсетіні сөзсіз.
Қасиетті Рамазан айында жыл сайынғы дәстүрге сәйкес Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары және аппаратының ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы өткізілді.
Тағылымды шараға қаладағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, қалалық мәслихаттың бұрынғы сайланған депутаттары мен төрағалары, «Аманат» партиясы мүшелері, депутаттардың округтерінен шақырылған тұрғындар қатысып, рухани құндылықтар мен ұлттық дәстүрлердің маңызы, ел бірлігі мен татулығын нығайту, қайырымдылық пен өзара қолдауды арттыру бағытындағы ортақ міндеттер атап өтілді.
Ауызашар соңында қатысушылар осындай бас қосуға мүмкіндік жасағаны үшін ұйымдастырушыларға өздерінің шынайы ризашылықтарын білдірді.