2026 жылдың 2-6 наурыз аралығында азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Е.Базарбай, М.Есжанов, Ә.Мампаев және Р.Ізтілеуов қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына және тағы басқа мәселелер көтерілді:
- Сағымбаев көшесінің бойына қосымша аялдама орнату;
- «Ақсуат» және «Ақжарма» ауылдық округтеріндегі аяқ су, жол және электр желілерін тарту;
- Мемлекет тарапынан берілетін қолжетімді баспана алу;
- «Саяхат» тұрғын ауданындағы Саяхат №16 көшесін асфальттау және кешкі жарық шамдарын орнату мәселесі.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасалатындығы жеткізілді.