8 наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын

8 наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын

Құрметті аяулы аналар, ардақты апа-қарындастар!

Сіздерді көктемнің ең шуақты әрі жүрекке жылу сыйлайтын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Әйел – отбасының берекесі, қоғамның тірегі, ұлт тәрбиесінің негізі. Сіздер мейірім мен парасаттың, сабыр мен сұлулықтың символы ретінде қоғамымыздың әр саласында табысты еңбек етіп, ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Ана ретінде ұрпақ тәрбиелеп, кәсіби қызметте биік жетістіктерге жетіп, шаңырақтың да, қоғамның да ұйытқысы болып отырсыздар.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, ақыл-парасаттарыңыз бен шексіз қамқорлықтарыңыз әрдайым құрметке лайық. Отбасының амандығы мен берекесі, елдің бірлігі мен ынтымағы жолындағы еңбектеріңізге өз ризашылығымызды білдіреміз.
Осы көктем мерекесінде сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін! Әрдайым құрмет пен қуанышқа бөленіп, өмірдің жақсылығын көре беріңіздер!


Құрметпен,
Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы
Ибадулла Құттықожаев