№ 12 округтен сайланған қалалық мәслихат депутаты Жарасбаев Жасұлан Бақытұлы өз округінде орналасқан облыстық жастар ресурстық орталығында сайлаушыларымен кездесті.
Кездесу барысында депутат Ж.Жарасбаев қалада, оның ішінде сол жағалауда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша ақпараттар берді.
Сонымен бірге, жастарға 15 наурызда өтетін Республикалық референдумның маңыздылығын түсіндірді.