Депутаттар сайлаушылармен кездесті

Депутаттар сайлаушылармен кездесті
Тасбөгет кентінен сайланған қалалық мәслихат депутаттары Төлегенова Ақманат Мұратқызы, Нарбаев Еркебұлан Елікбайұлы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына қарасты «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығының жұмысымен танысып, сайлаушыларымен кездесті.
Кездесу барысында депутаттар Тасбөгет кентіндегі және қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша ақпараттар беріп, алдағы уақытта өткізілетін Республикалық референдумның маңыздылығын түсіндірді.