Депутаттар қабылдау өткізді

Депутаттар қабылдау өткізді
2026 жылдың 23-27 ақпан аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Б.Еркебаев, Р.Ысқақова, Ж.Жарасбаев, Е.Нұртазаев және Е.Базарбай қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
- А.Шаменов көшесінде орналасқан №39 көпқабатты тұрғын үй аумағындағы көлшікті көму, № 296 орта мектебіне баратын жолды жөндеу;
- «Жібек жолы» магистральды каналынан бастау алатын Әли Мүслімов көшесіндегі темір бетон астаушалары арқылы Есімхан көшесін аяқ сумен қамтамасыз ету;
- Арай тұрғын ауданы №80 көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңын салу;
- Абай даңғылы № 44 көпқабатты тұрғын үй ауласындағы көлік құрылғыларының жүрісін реттеу, ауладағы автотұрақты кеңейту;
- «Сәулет» тұрғын ауданы, Г.Кофтунов көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату;
- Ә.Қоңыратбаев көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату туралы.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасайтындығы жеткізілді.