Тұрғындармен кездесу

Тұрғындармен кездесу
№10 округтен сайланған қалалық мәслихат депутаты Төлеген Бауыржан Төлегенұлы ақпан айында жеке қабылдауында болған тұрғынның Сейфуллин тұйығына байланысты көтерген мәселесіне орай тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
- С. Сейфуллин көшесі арқылы Шымбай көшесіне шығатын аралыққа жол жөндеу жұмыстары мен кешкі жарық шамын орнату. Аталған аралықтан Шымбай көшесімен жүретін қоғамдық көліктермен қатынайтын тұрғындар мен мектеп оқушылардың өтетіні байқалды;
- Сол аралықтағы іргелес орналасқан нысанның (тұрғындардың айтуынша бұрынғы балық зауытының базасы болған екен) иесін тауып қоршауын жөндету.
Депутат Б. Төлеген тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасайтындығы жеткізілді.