Сайлаушылармен кездесу

Сайлаушылармен кездесу
№ 19 округтен сайланған қалалық мәслихат депутаты Ізтілеуов Рүстем Серікұлы «Саяхат» тұрғын ауданында сайлаушыларымен кездесті. Тұрғындар тарапынан бірқатар коммуналдық салаға қатысты мәселелер көтерілді:
- Саяхат-16 көшесіне жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Саяхат-16 көшесінің №10 үй тұсындағы көктем-жаз мезгілінде жағымсыз иіс шығатын көлшікті көму;
- Саяхат-15 көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу;
- А.Айдосов көшесімен жүретін №19 қоғамдық көлік тоқтайтын Саяхат-15 көшесі қиылсынан кейінгі аялдаманың қашық орналасуы;
- Саяхат-25 көшесіне электр желісін тарту мәселелері.
Депутат көтерілген мәселелерге байланысты қала әкімдігіне депутаттық сауалдар жолданып, шешілуіне жұмыстар жүргізілетіндігі жеткізді.
Сонымен қатар, депутат Р.Ізтілеуов Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформаға түсіндірме беріп, алдағы Республикалық референдумның маңыздылығын айтып, қалада атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлар бойынша түсіндірмелер берді.