№ 6 округтен сайланған қалалық мәслихат депутаты Әбдіқалықов Мұса Жақыпұлы Әл-Фараби тұрғын ауданындағы Жаңадария, Ажар, Кемеңгер көшелерінің тұрғындарымен кездесіп, жол жөндеу мәселесі бойынша туындаған қиыншылықтарды шешу мақсатында өз тарапынан тиісті органдармен жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Сонымен қатар, депутат М.Әбдіқалықов Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформаға түсіндірме беріп, алдағы Республикалық референдумның маңыздылығын айтып, қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша түсіндірмелер берді.