№ 13 округтен сайланған қалалық мәслихат депутаты Басықараев Ибраким Асқарұлы өз округінің сайлаушыларымен кездесіп, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформаға түсіндірме беріп, алдағы Республикалық референдумның маңыздылығын айтты.
Сонымен бірге, қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша түсіндірмелер берді.
№ 5 И. Панфилов атындағы мектеп-лицейінің жұмысымен танысу барысында көтерілген мәселелерге байланысты сайлаушылардың ұсыныстарын тыңдап, тиісті органдармен шешілу жолдарының қарастырылатындығын жеткізді.