2026 жылдың 9-13 ақпан аралығында кестеге сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Ә.Әбдіғабит, Б.Сыздықов, А.Мұсабаева, Т.Төлеген және Н.Тұрғанбаев қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
- Байтерек-1, Құдабаев көшесіне орташа жол жөндеу;
- М. Қаржаубаев көшесін кешкі жарықтандыру;
- «Шұғыла» шағын ауданы №20,21 көпқабатты тұрғын үй ауласында орналасқан балалар ойын алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу
- С.Сейфуллин көшесі арқылы Шымбай көшесіне шығатын аралыққа жол жөндеу жұмыстары мен кешкі жарық шамын орнату;
- Жиенбай жырау көшесін кешкі жарықтандыру, К. Рүстембеков көшесі бойына балалар спорт алаңын салу жұмыстары.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасайтындығы жеткізілді.