Сайлаушылармен кездесу

Сайлаушылармен кездесу
№23 округтен сайланған қалалық мәслихат депутаты Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы өз округінің сайлаушыларымен кездесіп. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформаға түсіндірме беріп, алдағы Республикалық референдумның маңыздылығын айтты.
Сонымен қатар, қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар бойынша түсіндірмелер берді.
М. Есжанов, алдымен Ақсуат ауылдық округіндегі Ж.Махамбетов атындағы спорт кешенінде болып жас спортшылармен кездесіп, сәттілік тіледі.
Округтегі I - топ көз мүгедегі Гүлсім Абилованың «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылда кәсібін дөңгелетуді көздейтін кәсіпкерлерге арналған 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, ашылған тігін цехы жұмысымен танысты.
Танысу барысында көтерілген мәселелерге байланысты ұсыныстарын тыңдап, тиісті органдармен шешілу жолдарының қарастырылатындығын жеткізді.
Сонымен бірге, Ақжарма ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты және округтегі санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізетін жұмысшылармен кездесіп ұсыныс пікірлерін тыңдады.