Депутаттар тұрғындарды қабылдады

Депутаттар тұрғындарды қабылдады
2026 жылдың 2-6 ақпан аралығында азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары И.Басықараев, М.Әбдіқалықов, Т.Мақаш, М.Бисенова, Р.Ізтілеуов қабылдаулар өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты және тағы басқа да мәселелер көтерілді.
-Жаппасбай батыр көшесі №1 көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын спорт алаңын салу;
- Н.Назарбаев және Тәуелсіздік даңғылдары аралығын жалғастыратын Сыр Самалы көшесі бойымен қоғамдық көлік жүргізу;
- М.Шоқай көшесінің А.Айдосов көшесі мен «Тургай-Петролеум» АҚ теңгеріміндегі темір жол өткеліне дейінгі аралыққа жаяу жүргіншілер жолын салу.
- Үй алу мәселесі;
- Қаржылай көмек;
Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, депутаттар тарапынан түсіндірмелер берілді. Көтерілген мәселелер бойынша құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, шешілуі бағытында жұмыс жасалатындығы жеткізілді.