Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 48 сессиясы өтті.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 48 сессиясы өтті.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 48 сессиясы өтті.

Бүгін, 30 қаңтар күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс  48 сессиясы өтті. Сессияға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.

Сессия отырысына қала әкімі Н.Ахатов қатысты.

Сессияның күн тәртібіне «2026-2028 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №314-45/1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» мәселесі шығарылып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова  хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Сессияда қалалық бюджетке өзгерістер енгізу барысында бюджет кірістерін ұлғайту есебінен, қаланың әлеуметтік және коммуналдық-шаруашылық салаларына қомақты қаражаттар бағытталды.

Оның ішінде:

  • Қызылорда қаласына халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер сатып алуға;
  • Қызылорда қаласының Бәйтерек шағын ауданындағы ОМК арқылы өтетін көпір салуға, Сырдария өзенінің сол жағалауы №2 шағын ауданынан бес қабатты 10 тұрғын үйдің коммуналдық инженерлік инфрақұрылым желілерінің құрылысына;
  • Қызылорда қаласының жеке тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 40 МВт-тық жылу қазандығының құрылысына;

- Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыруға;

- Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын күрделі жөндеуге, «Қызылорда қаласы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының бұрылысынан зираттарға дейінгі жол бойына қоршау орнатуға және Қызылорда қаласында 30 аялдама орналастыруға, 26 дана электрондық ақпараттық таблоларды, 50 дана проекциялық жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстауға, 25 дана жаяу жүргіншілер өткеліндегі диодты жарықтандырылған құрылғысына, 75 дана-тұрмыстық қатты қалдықтар алаңдарымен жәшіктерін күтіп ұстауға;

- Қызылорда қаласының ауылдық елді мекендерінің инфрақұрылымын дамытуға бағытталды.

Сессия қарауына шығарылған мәселелерді қарау барысында депутаттар тарапынан  бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда: депутат М.Есжанов: ауылдық округтердегі аяқ су мәселелерін шешу, Қызылөзек ауылдық округіндегі орта мектептің алдына спорт алаңын салу, Талдыарал елді мекеніндегі электр желілерін жаңарту; депутат А.Мұсабаева: қазіргі уақытта үнемі көтеріліп жүрген әлеуметтік бес кесел (вандализм, ысырапшылық, зорлық-зомбылық, нашақорлық, лудоманияның) алдын алу бағытындағы жұмыстарға қаржы бөлуді қарастыру.

Сессия соңында қала әкімі Н.Ахатов сөз алып, қалада атқарылған жұмыстар туралы және алдағы ауқымды жоспарлар туралы баяндады.

Сессия қарауына шығарылған барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия отырысына қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мекемелер мен дербес бөлімдердің басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысы «Youtube» (ютуб) арнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.