2026 жылдың қаңтар айындағы қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.
Қала тұрғыны, жалғыз басты ана А.Бекмұратова табыс көзі жоқ екендігін жеткізіп, тұрмыстық жағдайына байланысты қолдау көрсетуді сұрап, өтініш білдірді.
Қабылдауда болған қала тұрғыны Т.Фазылов көктем мезгілінде қаланы аяқ сумен қамтамасыз ету, ирригация жүйелерін уақтылы тазалау және жаңалау мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының футбол ардагері Ережеп Серікбаев «Гагарин» тұрғын ауданындағы футбол алаңына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының толық аяқталуына және футбол алаңының жанына балалардың киініп – шешіну, жуыну бөлмелерін салу мәселесіне ықпал жасауды сұрады.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелерге қатысты мәслихат төрағасы шешілу жолдары бойынша бағыт-бағдарын, Заңға сәйкес түсіндірмесін берді. Сонымен қатар, қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыратынын жеткізді.