Мәслихат төрағасы И.Құттықожаев ментальды арифметикадан халықаралық жарысқа қатысқан балаларды жүлдері орындарымен құттықтады

Мәслихат төрағасы И.Құттықожаев  ментальды арифметикадан халықаралық жарысқа қатысқан балаларды жүлдері орындарымен құттықтады

2026 жылдың 8 қаңтар күні Қызылорда қалалық мәслихатының  төрағасы И.Құттықожаев атынан аппарат басшысы Ғ.Рахметов «Юсимас» Қазақстан академиясының Қызылорда филиалының Грузия елінің Тбилиси қаласында өткен  ментальды арифметикадан халықаралық жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларды және оларды дайындаған ұстаздарды марапаттап, алғыс хаттарын табыстады.

Кездесу барысында оқушылар халықаралық жарыстан алған әсерлерімен бөлісіп, ментальдық арифметикадан өз өнерлерін көрсетті.

«Юсимас» Қазақстан академиясының Қызылорда филиалының директоры Абдуалиева Алтын Омарқызы ата-аналардың және оқушылардың атынан рақметін айтып, ризашылығын білдірді