
Құрметті қызылордалықтар!
Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
Жаңа жыл – бірлік пен жауапкершілікті нығайтып, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыратын жаңа кезең.
Өтіп бара жатқан 2025 жыл қаламыз үшін әлеуметтік-экономикалық дамуда айрықша маңызға ие болды. Аймақта жаңа өндіріс орындары іске қосылып, кәсіпкерлік саласы қарқын алды. Халықты ыстық сумен, сапалы жол және тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Білім беру, спорт, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында бірқатар нысандар бой көтеріп, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түсті.
Бұл жетістіктер – Мемлекет басшысының қолдауымен және облыс басшысының бастамасымен іске асып жатқан тындырымды істердің нәтижесі. Қалалық мәслихат депутаттары да өз тарапынан жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, тұрмыс сапасын жақсарту, инфрақұрылымды жетілдіру және халықты толғандыратын өзекті мәселелерін шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.
Алдағы жылда да қаламыздың өсіп-өркендеуі жолындағы ортақ мақсаттарға бағытталған нәтижелі жұмыстар жалғасын табады деген сенім мол.
Құрметті жерлестер!
Жаңа жыл әр шаңыраққа мол ырыс, береке мен бақ әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге табыс, елімізге тыныштық тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қалалық
мәслихатының төрағасы
Ибадулла Құттықожаев