2025 жылдың 22-26 желтоқсан аралығында қалалық мәслихат депутаттары Р.Ысқақова, М. Бисенова жеке қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты мәселелер көтерілді.
- Ауғаныстанда әскери міндетін атқарған ардагерге қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік жасау мүмкіндігін қарастыру;
- Байқоңыр көшесінің З. Шүкіров көшесі мен Сыр Самалы көшесіне дейінгі аралығына жаяу жүргіншілер жолын салу.
Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, депутаттар тарапынан түсіндірмелер берілді.
Көтерілген мәселелер бойынша құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, шешілуі бағытында жұмыс жасалатындығы жеткізілді.