КЕЗЕКТЕН ТЫС 47 СЕССИЯ ӨТТІ.
Бүгін, 25 желтоқсан күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс 47 сессиясы өтті. Сессияға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібіне «2026-2030 жылдарға арналған Қызылорда қаласының даму жоспарын бекіту туралы» және «2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы №223-32/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелері шығарылып, жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, сауалдарға жауап берді.
Сессия отырысына қала әкімінің орынбасары А.Нұрмағанбетов, тиісті қалалық дербес бөлімдердің басшылары қатысты.
Сессия қарауына шығарылған барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.