2025 жылдың 15-19 желтоқсан аралығында азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Т.Мақаш, Н.Тұрғанбаев, Ә.Әбләзім қабылдаулар өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты мәселелер көтерілді.
- Жаппасбай батыр көшесінің аспалы көпір жағынан, «Ақжайлау» демалыс кешенінің маңына (№8 үйдің жанына) қоғамдық көлік аялдамасын салу мәселесін, сондай-ақ, Жаппасбай батыр көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің жанына бала-бақша салу;
- Бесарық көшесін, Рүстембеков көшесінен Данабаев көшесіне дейін, ұзындығы 0,5 шақырым болатын жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Шілдебаев көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату.
Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, депутаттар тарапынан түсіндірмелер берілді, көтерілген мәселелер бойынша құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, шешілуі бағытында жұмыс жасалатындығы жеткізілді.