ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР! АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР! АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!
ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!
Қызылорда қалалық мәслихатының атынан сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
«Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы» деп атап көрсетті. Сондықтан егемендігіміздің түпкі негізі – мемлекеттің біртұтастығына тікелей байланысты.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтай отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белестеріне көтерілді. Ел игілігі жолында жүзеге асырылып жатқан реформалар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Бүгінде Қызылорда қаласында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қаланың инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік нысандарды дамыту – басты басымдықтарымыздың бірі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Осынау айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, керегесі кең болсын!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда
қалалық мәслихатының төрағасы
Ибадулла Құттықожаев