2025 жылдың 24-28 қараша аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Ә.Мампаев, М.Бисенова, Т.Мақаш, Б.Еркебаев қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан бірқатар қаланың коммуналдық саласына қатысты мәселелер көтерілді.
- Уақытша баспана мәселесі;
- Мамыр көшесін кешкі жарықтандыру;
- Ақбидай көшесіне (Ысқақов көшесінен Жаппасбай батыр көшесіне дейінгі аралық) жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- О.Тойымбетов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу және кешкі жарықтандыру;
- Б.Баймаханов көшесіне аялдамалар орнату.
Депутаттар кабылдау барысындағы көтерілген мәселелер бойынша құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі жеткізді.