ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ «2026–2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫН» ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ «2026–2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫН» ТАЛҚЫЛАДЫ
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ «2026–2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫН» ТАЛҚЫЛАДЫ
2025 жылдың 27 қарашасы күні қалалық мәслихатта мәслихат төрағасы И.Құттықожаевтың төрағалығымен 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасын жан-жақты талқылау мақсатында кеңейтілген отырыс өтті.
Аталған мәселе бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасады.
Жалпы 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет шығыстарының басымдықтары ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауына, 2026-2028 жылдарға арналған Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, жаңадан қабылданған бюджет және салық кодекстеріне сәйкес айқындалды.
Жобаны алдын ала талқылау барысында мәслихат депутаттарының нақты ұсыныстары мен пікірлері қалалық экономика және қаржы бөлімі мен тиісті қалалық дербес бөлімдердің назарына ұсынылды.
Атап айтқанда, мәслихат төрағасы И.Құттықожаев үш жылдық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалу мәселесі, депутаттық сауалдардың орындалуына талдау жасау, оның нәтижелерін қарастырып, алдағы сессияларда айту, «Халық қатысатын бюджет» жобасының жүзеге асырылуына мәслихат депутаттарының белсенді атсалысып, тұрғындардың қажет деген өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге жұмыс жасау, депутат М.Әбдіқалықов өз округіне қатысты бірнеше рет берілген депутаттық сауалдарының өз дәрежесінде орындалмауы, депутат Ә.Әбләзім «Бәйтерек» және «КБИ» тұрғын аудандарындағы екі қабатты тұрғын үйлердің кәріз су мәселелерін шешу, депутат А.Мұсабаева «Шұғыла» мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолдары мен балалар ойын, спорт алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, депутат А.Төлегенова «Халық қатысатын бюджет» жобасының мақсатын тұрғындарға кеңінен түсіндіріп, қаламен қатар, кент, ауылдарда іске асырылуын ұйымдастыру туралы ұсыныстарын жеткізді.
Талқылауға қатысқан қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ф.Қожабергенов, жауапты дербес бөлім басшылары депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар беріп, пікірлерін білдірді.
Алдағы уақытта белгіленген жоспарға сәйкес, үш жылдық бюджеттің жобасын талқылау жұмысы жалғасатын табатын болады.