2025 жылдың 27 қараша күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясы алдында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.Баймырзаев Тасбөгет кентінде орналасқан №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша «Respublica» партиясынан ұсынылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған Нарбаев Еркебұлан Елікбайұлына депутаттық төсбелгі мен мандатын табыстады.
Өз кезегінде, қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев депутаттар атынан Е.Нарбаевқа депутаттық қызметінде сайлаушылар сенімін ақтап, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық бастамаларды нығайтуға бағытталған жұмыстарының нәтижелі болуына тілектестігін білдірді.