Депутаттар тұрғындарды қабылдады

Депутаттар тұрғындарды қабылдады
  2025 жылдың 10-14 қарашасы аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Н.Тұрғанбаев, Р.Ысқақова, Ә.Әбләзім Б.Төлеген, Е.Нұртазаев, Ғ.Байсеитов қабылдауларын өткізді.
  Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан бірқатар қаланың коммуналдық саласына қатысты және тағы да басқа мәселелер көтерілді.
- «Гагарин» тұрғын ауданы, Жиенбай жырау көшесін кешкі жарықтандыру жүйесін жүргізу;
- « Шұғыла» мөлтек ауданы №49 үй ауласына балалар ойын алаңын салу;
- Қоғамдық көлік мәселесі;
- Қорқыт ата 18 көшесіне жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- А.Ахметов көшесінің, С.Есқараев көшесінен Ә.Құдабаев көшесіне дейінгі аралығына күрделі жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- «Саяхат» № 25 көшесіне кешкі жарықтандыру жүйесін жүргізу ;
- Дәрі-дәрмек алуға көмек сұраған тұрғынға қолдау көрсетілді.
  Депутаттар қабылдау барысындағы көтерілген мәселелер бойынша құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.