Депутаттар қабылдау өткізді

Депутаттар қабылдау өткізді
2025 жылдың 3-7 қарашасы аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Б.Сыздықов, Б.Кәрімова, И.Басықараев, Р.Ізтілеуов қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан бірқатар қаланың коммуналдық саласына қатысты және тағыда басқа мәселелер көтерілді.
- №120 мектеп орналасқан М. Қаржаубаев көшесіне көше жарығын орнату;
- М. Қаржаубаев көшесіндегі жолға орташа жөндеу жүргізу;
- Мектептің қарсы бетінде орналасқан балалар ойын алаңын қоршаумен қамтамасыз ету;
- №12 автобус бағытын «Жұлдыз» универмагы маңындағы №2 емханаға дейін ұзарту;
- М. Дулатов көшесіне (Тайманов көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейін) көше жарығын орнату;
- Т.Тұрлығұлов көшесіне көше жарығын орнату;
- Дәрі-дәрмек алуға материалдық көмек көрсету;
- Абай атындағы мектеп арқылы өтетін кәріз жүйесін су жүйесін ШЖҚ «Қызылорда Су Жүйесі» МКК теңгеріміне өткізу мәселесі.
Депутаттар қабылдау барысындағы көтерілген мәселелер бойынша құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.