Қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев тұрғындарды қабылдады

Қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев тұрғындарды қабылдады

2025 жылдың қараша айындағы қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Қабылдау барысында Г.Есентаева қабылдауда болып, «Титов» тұрғын ауданы, Қоғалы көшесі №7 көп қабатты тұрғын үйдің жылу мәселесін көтеріп, өтініш білдірді.

Титов ауданы, №7 көп қабатты үй тұрғыны А.Беделбекова ІІ топтағы мүгедек қызын І топ мүгедектігіне ауыстыру, 5-ші қабаттағы пәтерін төменгі қабатқа ауыстыру және мүгедектер үйінен ем алу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Тасбөгет кенті, Өткелбаев көшесі №93 үй тұрғыны С.Сейсенбаев Тасбөгет кентіне қарасты жаңа бейітке баратын (КОПЭС саяжай жағы) ұзындығы 5,3 шақырым жолды жөндеу қажет екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, Бәйтерек-3 тұрғын ауданының тұрғыны А.Сырғабаев №№51,52,53,54 көшелеріне электр желісін жүргізу мәселесін көтерді

Қабылдау барысында көтерілген мәселелерге қатысты мәслихат төрағасы тиісті құзырлы мекемелерге хаттар жолданып, атқарылған жұмыстар туралы қосымша хабарлатынын жеткізді.