Қалалық мәслихат депутаттары И.Басықараев, М.Есжанов, Н.Тұрғанбаев «Теміржолсу - Қызылорда» ЖШС-нің жаңарту және жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Су желілерінің тозуын азайту, сумен жабдықтау қызметінің сапасын арттыру мақсатында, инвестициялық бағдарламасы және өз қаражат есебінен бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда:
• 377 метр су желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді;
• Қызылорда станциясындағы сыйымдылығы 120 м3 су мұнарасының резервуарын қайта жаңғырту жұмыстары жасалды;
• 6 дана скважиналық насос орнатылды.
Бүгінгі таңда сумен жабдықтау қайта жаңарту және жаңғырту бойынша орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі 69%-ды құрайды.