Депутаттар қабылдау жүргізді

Депутаттар қабылдау жүргізді

 

Депутаттар қабылдау жүргізді
2025 жылдың 13-17 қазан аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Т.Мақаш, Ә.Әбләзім және Б.Төлеген қабылдауларын өткізді.
Қабылдауга келген тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді.
- Белкөл кенті тұрғынына Шымкент қаласында 23 - 24 қазан аралығында өтетін мүгедектер арасындағы ән байқауына қаржылай көмек көрсетілді;
- Қорқыт ата 11 көшесін Жас алаш көшесінен Ш.Қалдаяқов көшесіне дейін орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Қонаев көшесі №26 көпқабатты тұрғын үй қасбетін қаптау жұмыстары аяқталса да, мердігер мекеменің жұмыс құралдарын жинамай тұрғындарға қауіп төнуі мен шатыр жөндеуіне кедергі келтіру мәселелері.

Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан түсіндірмелер берілді, сонымен қатар, коммуналдық мәселелер бойынша құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуі бағытында жұмыс жасалатындығы жеткізілді.