Депутаттар қабылдаулар өткізді

Депутаттар қабылдаулар өткізді
     2025 жылдың 6-10 қазан аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Б.Кәрімова, М.Есжанов, Н.Тұрғанбаев, М.Бисенова, Ж.Жарасбаев қабылдауларын өткізді.
     Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді.
- «Гагарин» тұрғын ауданындағы Кете Жүсіп, Балқыбазар көшелерін жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын, қосымша балалар ойын алаңын салу;
- Н.Назарбаев даңғылы бойында орналасқан «Ғалымдар» үйі аумағын абаттандыру;
- «Қызылөзек» ауылдық округіне өрт сөндіру бекетін ашу;
- «Гагарин» тұрғын ауданы, С.Есова көшесі аумағындағы футбол спорт алаңына қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқандығы;
- «Сырдария шағын ауданы, Е.Демесінов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу;
- Тәуке хан көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу.
    Тұрғындардың өтініштерін тыңдалып, депутаттар тарапынан түсіндірмелер берілді.
    Сонымен қатар коммуналдық мәселелер бойынша құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуі бағытында жұмыс жасалатындығы жеткізілді.